22.06.2025, 23:24
Жаңалықтар
Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Ол – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі
Фото: Olympic.kz
Болгария астанасы Софияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде Қазақстан спортшысы Ақмарал Ерекешева керемет нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үш финал – үш жүлде
Ақмарал Ерекешева:
- Үш финалға да бірінші орынмен өтті;
- Барлық финалда жүлделі орыннан көрінді;
- Екі алтын және бір күміс медаль иеленді.
Жеңіс жолы:
- Доппен жаттығуда – алтын медаль;
- Таспамен жаттығуда – алтын медаль;
- Шығыршықпен жаттығуда – күміс медаль.
Тағы бір қазақстандық жақсы нәтиже көрсетті
Айғаным Рысбек те финалға шығып, ұршықтармен жаттығуда бесінші орынды иеленді.
Ерекешева – Қазақстан гимнастикасының үмітті жұлдызы
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі. Оның бұл жетістігі – еліміздегі көркем гимнастика спортының жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)