Қылмыстардың басым бөлігі ашылып, сотқа жолданды
Маңғыстау облысында 2025 жылдың басынан бері 127 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, бұл көрсеткіш әлі де өсуде. Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ілияс Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спикердің айтуынша, тіркелген 127 істің 76-сы ашылып, сотқа жолданған.
Lada.kz мәліметінше, ашылу көрсеткіші 11,6%-ға артқан, нәтижесінде облыс республика бойынша екінші орынға шыққан.
Алаяқтардың кең таралған әдістері
Ілияс Жұмағұлов қазіргі таңда ең жиі қолданылатын алдау тәсілдеріне тоқталды:
Осындай мазмұндағы хабарламалар мен қоңыраулар арқылы азаматтарды алдап, жасырын кодтарды сұратып, олардың атына онлайн несие рәсімдейді.
Кейде алаяқтар банк немесе полиция қызметкері болып танысып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрайды.
Сонымен қатар, азаматтар интернет арқылы «ақшаны екі есе көбейтеміз» деген жобаларға алданады. Kolesa.kz, OLX секілді платформалардағы жалған хабарландыруларға алданып, алдын ала төлем жасайды, жеке деректерін бөгде адамдарға береді, WhatsApp пен Telegram арқылы «таныс» болып шыққан адамдар ақша сұрап, кейін жоғалып кетеді.
Полиция өкілі интернет-алаяқтықтан қорғану үшін мынадай қауіпсіздік кеңестерін берді: