$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«100-ден астам балам бар»: Павел Дуров өмірден өткеннен кейін байлығын үлестіріп беретінін айтты

Ол – үш түрлі әйелден туған алты баланың ресми әкесі

«100-ден астам балам бар»: Павел Дуров өмірден өткеннен кейін байлығын үлестіріп беретінін айтты
Фото instagram.com/durov

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің шамамен 14 миллиард долларлық байлығын 100-ден астам баласына мұраға қалдырғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол француздың Le Point басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олардың бәрі – менің балаларым, барлығы тең құқыққа ие! Мен өлгеннен кейін бір-бірімен жауласып кетпесін деймін», – деді ол.

100-ден астам бала 12 елде дүниеге келген

Дуровтың айтуынша, ол – үш түрлі әйелден туған алты баланың ресми әкесі. Алайда, ол 15 жыл бұрын достарына көмектесу мақсатында бір клиникаға спермасын тапсырған, сол клиниканың мәліметі бойынша, ол арқылы 12 елде 100-ден астам бала дүниеге келген.

«Мен олардың қалыпты адамдар секілді өмір сүргенін, өз өмірін өздері құрып, банктегі есепшотқа емес, өзіне сенуді үйренгенін қалаймын», – деді ол.

Telegram және оның ықпалы

2014 жылы құрылған Telegram мессенджерін қазір ай сайын 1 миллиардтан астам адам пайдаланады.

Мессенджердің штаб-пәтері Дубайда орналасқанымен, Дуров қазіргі уақытта Францияда тұрып жатыр. Ол Франция мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қос азаматтығына ие. Дуров Францияда қамауға алынғаннан кейін елден шығуға тыйым салынған.

Сын және қауіпсіздік мәселесі

Telegram мессенджері 200 мың адамға дейін біріктіретін топтарда байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сыншылардың айтуынша, бұл платформада жалған ақпарат, конспирология, неонацизм, педофилия, терроризмге қатысты контент кеңінен таралуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары