21 маусымда 7 жасар Аманғали Бекболат үйінен шығып, қайтып оралмаған
Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы 21 маусым күні сағат шамамен 18:15-те Семей қаласындағы Турист көшесі, 92 мекенжайында тұратын Аманғали Бекболат есімді 7 жасар бала үйінен шығып кеткеннен кейін із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы дерек бойынша «102» жедел арнасына хабарлама келіп түскен. Қазіргі уақытта баланың қайда екені белгісіз.
Баланы табу мақсатында ауқымды іздеу операциясы ұйымдастырылды. Оған мынадай мамандар жұмылдырылды:
Сонымен қатар, үйлерді аралап тексеру, жақын маңдағы аумақты сүзіп шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Іздеу аумағын кеңейту үшін жылу датчигі (тепловизор) орнатылған дрон пайдаланылуда.
Абай облысының Полиция департаменті барша тұрғындарға үндеу жолдады:
«Егер жоғалған бала жайлы қандай да бір ақпаратыңыз болса немесе көрген болсаңыз, 102 нөміріне шұғыл түрде хабар беріңіз».
Құқық қорғау органдары баланың туыстары, жергілікті тұрғындар және еріктілермен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.