«Жүйкем шыдамайды»: Ұлықпан Жолдасов жас әнші Sadraddin-ді қатаң сынға алды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол әншінің орындаған әнінің сөзіне мән бермейтінін айтты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Белгілі әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов жас әнші Садраддин Болатты (ред. – Sadraddin) қатаң сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлықпан Жолдасовтың айтуынша қазіргі жас әншілер орындаған әнінің сөзіне мән бермейді.

«Жүйке шыдамайды. Тыңдап отырған құлаққабымды лақтырып жіберемін. «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге, анам мені күтеді ас үйде» дейді. Не әңгіме бұл? Тіпті, біреулер боқтап жатыр. Солай атымды шығарамын деп ойлайды. Әнді де, басқаны да сайқымазақ етті. Тыңдайтын ән қалған жоқ» - дейді Ұлықпан Жолдасов.

Ол осы сынымен әншінің нақты атын атамаса да өлең жолдарына қарап Садраддин Болаттың «Такси» әні екенін байқауға болады.

«Кейбір әндер бар. Өте жақсы, күшті. Бірақ жақтарын шайнап айтады», - дейді композитор.