Команда финалда жапондарға есе жіберді
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Жарыс Индонезияның Бали аралында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапония командасымен шеберлік байқасты. Тартысты бәсеке 45:39 есебімен жапондардың пайдасына аяқталды. Осылайша, қазақстандық спортшылар құрлықтық додада екінші орыннан көрінді.
Күміс жүлдегер команданың құрамында өнер көрсеткен спортшылар:
Айта кетейік, жапон командасы — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.Олар финалда Венгриядан ұтылған болатын.
Азия чемпионаты аясында бұл – Қазақстан құрамасының екінші медалі. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сында үшінші орын алып, қола медаль иеленген.
Маркерленген қысқаша шолу: