Бүлдіршін көше бойында жалғыз жүрген
Ақтөбеде үш жасар қыздың жалғыз өзі көлік жүретін жолға шығып кеткені көрсетілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көліктердің бейнебақылау камераларына түскен кадрларда кішкентай қыздың үлкен көшеге шығып, көліктерге қарсы беттеп келе жатқаны анық көрінеді. Алайда, жолда келе жатқан бірнеше жүргізуші дереу әрекет етіп, көліктерін тоқтатып, баланы қоршап, ішінен біреуін қауіпсіз жерге алып шыққан.
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Оқиға болған сәтте әкесі жұмыста, анасы іс-шарада болған. Балалар қараусыз қалған», – деп мәлімдеді ол.
Ата-аналардың кім екені анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») әкімшілік хаттама толтырылды. Олар айыппұлмен жазаланды.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті де жағдайды растап, оқиғаға қатысты ресми мәлімет берді:
Полиция қызметкерлері ата-аналарды:
Ақтөбе қаласындағы бейнебақылау камераларының бірі қорқынышты оқиғаны түсіріп алған: шамамен 2-3 жастағы қыз бала жалғыз өзі көлік ағылып жатқан жолға жүгіріп шығып кеткен. Абырой болғанда, жүргізушілердің бірі баланы құтқарып қалды.