Жоба тергеу уақытын қысқартуға, тергеушілерді техникалық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді
Ішкі істер министрлігі жасанды интеллектіні жедел дамыту мақсатында тергеушінің интерактивті көмекшісі жобасын іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.
Жоба қылмыстық істерді тергеу сапасы мен жеделдігін арттыруды көздейді. Жасанды интеллект "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесіне біріктірілген және тергеушінің күнделікті жұмысын автоматтандыруға көмектеседі.
Бұл жоба тергеу уақытын қысқартып, тергеушілерді техникалық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді. 19 маусымнан бастап жүйе пилоттық режимде Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы базасында іске қосылды.
Келесі аптада Ақмола облысы Қосшы қалалық полиция бөлімінде іске қосу жоспарланып отыр.