Видео Арал ауданында түсірілген болуы мүмкін
Ауылдардың бірінде далада шаңды дауылға қарамай билеген қонақтар жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көңілді сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады, оның нақты қайда болғаны белгісіз. Автордың сөзіне қарағанда видео Қызылорда облысының Арал ауданында түсірілген болуы мүмкін.
Бейнероликтен жер үйдің ауласында бір топ адам дауыл кезінде жердің шаңын шығарып билеп жатқанын көруге болады.
«Қызылордада жел тоқтаусыз соға ма?», «Желдің тоқтағанын күтсек, ешқашан билей алмаймыз ғой», «Жаңбыр жаудыратын Алтайды мазақтап, елге сидырмап еді, енді сол ғалымды өзбектер алып кетті. Неге өз жақсымызды бағалай алмаймыз?», - деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, тойда іш киімін көрсетіп билеген бойжеткен сынға қалған болатын. Оның жасы үлкендеу ер адаммен билеген биі жұрттың көңілінен шықпады.