ҰҚК операциясы: ірі синтетикалық есірткі өндірісі әшкереленді
Осы жылдың мамыр айында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп, Тараз қаласында синтетикалық есірткі өндірісін жою бойынша ірі операция жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Операция барысында 66 килограмнан астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор тәркіленіп, есірткі өндіруге арналған зертханалық жабдықтар табылды.
Операция нәтижесінде есірткі өндірумен айналысқан Қазақстан азаматы ұсталып, оған қатысты соттың санкциясымен қамауға алу шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 297-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізілуде. Алайда, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.