$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда электромобиль шығарылуы мүмкін

 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды

Қазақстанда электромобиль шығарылуы мүмкін
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Ли Қазақстанда электромобиль шығару жоспарын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет қолдау көрсетуге дайын

Компания – Малайзия нарығында машина жасау саласындағы көшбасшы. Proton автокөліктері, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар үлгілер де, электромобилдер де 26-дан астам елге экспортталады.

Сонымен қатар өндірушінің трансмиссиялар мен автокөліктерді әзірлеу, жобалау және инженерлік зерттеу орталығы бар.

"Жиында үкіметтің жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені айтылды. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың келешегі зор", - деп жазылған хабарламада.

Жол картасы әзірленеді

Proton Holdings бас директоры Чунронг Ли инвесторлар үшін жасалған жағдайдың тартымдылығына байланысты Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық танытты.

Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары