Павлодарда Ұлттық қор қаржысы талан-таражға түсті: 158 млн теңге орындалмаған жұмысқа төленген

Автор: Асыл Арман

Ұлттық қор қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар прокуратурасы «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік нысанға қатысты тергеу жүргізіп, ірі көлемдегі қаржылық заңбұзушылықты әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спорт кешені құрылысында заңсыз төлем

Кемеңгер ауылында спорт-сауықтыру кешенінің құрылысына Ұлттық қордан 382 млн теңге бөлінген. Алайда тексеріс кезінде орындалмаған құрылыс жұмысы үшін мердігерге 158 млн теңге төленгені белгілі болды.

Лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Нақты сектор экономикасы бөлімінің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша жауапқа тартылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ

Қазіргі таңда соттың шығарған үкімі заңды күшіне енбеген.