Қазақстанның қай өңірлеріне арзан бағада ұшуға болады

Автор: Асыл Арман

Министр билет бағаларына қатысты түсініктеме берді

Фото: istockphoto.com

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанның қай өңірлеріне қолжетімді бағада ұшуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта Алакөл, Балқаш, Түркістан бағыттарына субсидияланған рейстер бар. Билеттер – 16 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін. Бұл – бәсекелі орта. Биыл батыстан оңтүстікке, солтүстіктен оңтүстікке субсидияланған рейстер іске қосылды. Мысалы, Ақтау, Орал, Ақтөбе Түркістанға дейін. Әрине, бағалар қолжетімді, бұл бағытта мемлекет жұмыс істеп жатыр», – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, туристік аймақ – Кендірліден 13 шақырым жерде әуежайдың құрылысы басталды, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.