Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Айта кетейік, Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті. Жиында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдан кең көлемде инвестиция тартуға бағытталған саясатынан айнымайтынын мәлім еткен.