Биыл 16 мамырда басталған негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу аясында бүгінге дейін 214 мыңға жуық тестілеу өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- Талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде;
- 26%-ы орыс тілінде;
- 182 адам ағылшын тілінде тест.
Орташа балл – 66, ең жоғары нәтиже – 140 балл
ҰБТ-ның алғашқы төрт аптасында:
- Орташа балл 66 болды.
- Талапкерлердің 70%-ы шекті балды жинады.
- Ең жоғары балл – 140. Ол Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібекке тиесілі. Ол бұл нәтижеге алғашқы аптада қол жеткізді.
Ең танымал пән комбинациялары
Қатысушылар арасында келесі комбинациялар кеңінен таңдалған:
- 18% – «Математика-Физика»;
- 15% – «Биология-Химия»;
- 14% – «Шығармашылық емтихан».
Ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлер
Ерекше білім беру қажеттілігі бар 592 талапкер үшін арнайы жағдай жасалып, олар да тестілеуге толыққанды қатысқан.
Ереже бұзушылар саны – 304
Төрт апта ішінде:
- 146 адам тыйым салынған затпен (смартфон, шпаргалка) кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді;
- 157 адам тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды;
- 1 адамның нәтижесі тест жазбасын қарап шыққаннан кейін жойылды;
- Басқа адамның орнына кіру дерегі тіркелмеген.
Апелляция және бейнежазба тексерісі
ҰБТ-ға қатысуға 399 мыңға жуық өтініш келіп түсті
Биылғы жылы ҰБТ-ға қатысу үшін:
- 216 мың талапкер;
- Барлығы 399 мың өтініш берген.