Си Цзиньпин Астанаға сапармен келді
Елорда әуежайының терминалында Қытай төрағасы Си Цзиньпинді балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, осыдан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.
Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Айта кетейік, осыған дейін Си Цзиньпиннің сапарына байланысты Астанада бірнеше көше жабылатыны хабарланған болатын.