Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайдан қарсы алды

Автор: Асыл Арман

Қытай төрағасының келуіне орай трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Айта кетейік, осыған дейін Си Цзиньпиннің сапарына байланысты Астанада бірнеше көше жабылатыны хабарланған болатын.