Ол бюджеттен үнемделген қаржыны жымқырған
Қостанай облысында ауылдық әкімдік аппаратының бухгалтері мемлекеттік бюджеттен 9,7 млн теңге заңсыз иемденгені анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылдың тамызынан 2025 жылдың наурыз айына дейін есепші қызметін атқарған әйел экономиядан қалған қаражатты өзінің банктік картасына аударып, жеке мақсатта жұмсаған.
«Айыпталушы «Новотроицкий ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметін пайдалана отырып, қаржыны өз бетімен иемденген. Аталған әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сараланды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Айыпталушыға төмендегідей жаза қолданылуы мүмкін:
Қылмыстық іс Қарабалық аудандық сотына жолданды.
Қазақстанда бюджет қаражатын жымқыру деректері жиі тіркеледі. Әсіресе ауылдық округтер мен аудан әкімдіктерінде бақылаудың әлсіздігі осындай құқықбұзушылықтарға жол ашатыны байқалады.
Бұл – биыл тіркелген бірқатар мемлекеттік қызметкерлердің қаржыға қатысты заңбұзушылықтарының бірі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша: