Жаңа технология тәулік бойы бақылау жасап, өрттің алдын алады
Абай облысындағы мемлекеттік табиғи резерват – «Семей орманы» аумағында орман өртін ерте анықтайтын заманауи жүйе іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүйе жоғары технологиялы оптикалық және тепловизиялық камералармен жабдықталған, олар 30 метрлік мұнараларға орнатылып, тәулік бойы 360 градус бұрышпен орманды бақылайды.
Камералар түтін мен жалын белгілерін дереу анықтап,сигналды жедел басқару орталығына жібереді. Бұл мамандарға қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.
Орнатылған құрылғылар:
Жоба аясында бұл жүйені Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығына қосу жоспарланып отыр. Осы арқылы еліміздің басқа да орман алқаптарын қамту көзделген.
«Бұл – орманды қорғаудағы маңызды қадам. Табиғи апаттарды ерте анықтау арқылы адам өмірін, флора мен фаунаны сақтап қалуға мүмкіндік туады», – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Жүйені таныстыру шарасына «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мүсін, Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов және сала мамандары қатысты. Жоба – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асып отыр.