Зардап шеккен адам қалалық орталық ауруханаға жатқызылды
Жезқазғанда құтқарушылар кәріз құдығына құлап, қысылып қалған адамды шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлытау облысының 112 пультіне Жезқазған қаласы, Кеңгір кенті, Молодежная көшесі бойында 1976 жылы туған ер адам техникалық құдыққа құлап, кәріз құбырларының арасына қыстырылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келді. Құтқарушылар құтқару арқаны мен арнайы жабдықтың көмегімен зардап шегушіні шығарды.
Ол қалалық орталық ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын еске салды: