Күдікті ешқандай жылжымайтын мүлкі болмаса да, пәтер жалға беріп келген
Алматы қаласының полицейлері жалған пәтер жалға берумен айналысты деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жылжымайтын мүлкі болмағанына қарамастан, интернет арқылы пәтер жалға беріп келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел азаматтардан бронь үшін алдын ала төлем алып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Кейін байланысқа шықпай қойған.
Қазіргі уақытта полицияға 15 азамат арыз түсірген. Барлығы пәтер жалдау туралы интернеттегі хабарландырулар арқылы хабарласқан.