$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жезқазған – Арқалық – Петропавл тас жолында шектеу енгізіледі

Жол 2025 жылдың 26 маусымында ашылады деп жоспарланып отыр

Жезқазған – Арқалық – Петропавл тас жолында шектеу енгізіледі
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шектеу ертең күшіне енеді

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше Солтүстік Қазақстан облысында Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 908-946 шақырым аралығындағы учаскесінде жүк көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.

«Орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты шектеу ертең, 13 маусымда сағат 09:00-ден бастап күшіне енеді», - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Жүк көліктері балама жолмен жүреді 

Жүк көліктеріне балама жол ұсынылып отыр. Ол – облыстық маңызы бар КТ-4 А-16 Новоникольское - Андреевка - Бостандық - Новомихайловка автожолының 0-10 шақырымы, ары қарай Новокаменка ауылынан кейін республикалық маңызы бар Петерфельд - Архангельское - Новокаменка - Жезқазған автожолы - Арқалық - Петропавл автожолының 28-0 шақырымы.

Жол 2025 жылдың 26 маусымында ашылады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Атырау мен Орал арасын жалғап жатқан жүздеген шақырым жол орташа жөндеуден өтетін болды. Бұл жол батыс өңірінің екі ірі қаласы – Орал мен Атырауды байланыстырады. Жалпы ұзындығы 487 шақырымды құрайды.

«Жоба 364 шақырым жол төсемін қамтымақ. Негізгі атқарылатын жұмыстар: иірімді учаскелерді жою, топырақ қайта өңдеу әдісімен топырақты қосу арқылы негізді күшейту, астыңғы және үстіңгі жабынды төсеу, жолжиекті күшейту, сондай-ақ жол белгілерін орнату және таңбаларды салу», - деп атап өтті  «ҚазАвтоЖол».

Серіктес жаңалықтары