$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ерлі-зайыптыны атып кеткен директор сотталды

Қарақшымен жанұшыра алысқан 39 және 40 жастағы үй иелері ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Алматыда ерлі-зайыптыны атып кеткен директор сотталды
Фото: pixabay

Алматыда ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған жиһаз компаниясының директоры сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Электрик» қару кезенді

КТК телеарнасының мәліметінше сот үкімімен қарақшы 16 жылға бас бостандығынан айырылған.

Жантүршігерлік оқиға былтыр желтоқсанда элиталы тұрғын үй кешенінде болды. Қылмыскер алдымен жәбірленушілердің пәтеріне жиһаз орнатып жүргенде сейфті байқап қалады. Содан кейін бетперде киіп алып, қаруланып, үйді тонамақ болған.

«Жоспарын да тиянақты әзірлепті. Алдымен пәтердегі жарықты өшіріп, біраз уақыттан соң өзін электрикпін деп таныстырады. Ерлі-зайыпты еш ойланбастан есікті ашқанда, қаскөй оларды тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен, кейін үш рет оқ атады», - деп хабарлады телеарна.

Ерлі-зайыпты аман қалды

Қарақшымен жанұшыра алысқан 39 және 40 жастағы үй иелері ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Екеуіне де шұғыл ота жасалып аман қалды.

Оқиға орнынан лезде із суытқан Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны көп ұзамай ұсталды. Ол зардап шеккендердің пәтеріне жиһаз орнатқан компанияның қызметкері емес, директоры екен. Оңай олжаға кенелмек болған қаскөй енді 54 жасына дейін түрмеде отырады.

Серіктес жаңалықтары