«Қазгидромет» бейсенбі, 12 маусымға жасалған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ жауып, жел тұрады, найзағай ойнайды, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көкшетауда найзағай ойнайды деп болжанып отыр.
Астанада күн күркіреп, бұршақ жауып, екпіні 15-18 м/с жел соғады.
Талдықорған мен Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел соғады, жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Жетісу, Ұлытау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, дауыл, шаңды дауыл, жел соғады, өрт қаупі бар.
Атырау, Ақтау, Жезқазған, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, өрт қаупі жоғары.