Астананың әуежайындағы станцияда LRT-ның бірінші вагоны пайда болды

Автор: Бақыт Шынар

Әуежай LRT-ның №101 станциясы болады

Фото: City Transportation Systems

Бүгін Астанадағы халықаралық әуежай маңындағы станцияға LRT-ның алғашқы вагоны пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, әуежай LRT-ның 101 станциясы болады. Вагон 2025 жылдың қыркүйегіне дейін, яғни, жоспарлы сынаққа дейін тұратыны белгілі болды.

«City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевқа сенсек, LRT-ның құрылысы кестеге сай өтіп жатыр.