$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мал шаруашылығы саласында сақтандыруға өтінім қабылдау жалғасуда

Сақтандыруға өтінімді QALQAN платформасындағы Kezekte.kz онлайн сақтандыру сервисі арқылы беру қажет

Мал шаруашылығы саласында сақтандыруға өтінім қабылдау жалғасуда
Фото: istockphoto.com/Georgijevic

Мал шаруашылығы саласындағы сақтандыру жыл бойы қол жетімді. Бұл бағыттағы мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақысының 80 пайызын субсидиялау түрінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АӨК-дегі ерікті сақтандыру жүйесі фермерлерге Қазақстан аумағында ірі қара, ұсақ мал, жылқы, шошқа және құстарды сақтандыруға мүмкіндік береді. 

Сақтандыруға өтінімді QALQAN платформасындағы Kezekte.kz онлайн сақтандыру сервисі арқылы беру қажет.

Шарт жасасудан бастап сақтандыру төлемдерін алуға дейінгі барлық қадамдар фермердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы онлайн режимінде жүргізіледі.

Онлайн сақтандыру жүйесінің жеке кабинетінде фермерге сақтандыру нысанын көрсету қажет. Бұл «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде тіркелген жануарларды көрсету, сақтандыру компаниясын айқындау, сақтандыру шартын жасасу, сақтандыру сомасының 20 пайыз мөлшерінде сақтандыру сыйақысының бір бөлігін төлеу. Ал сақтандыру сыйақысы сомасының қалған 80 пайызын сақтандырушы оператор өтінім бойынша субсидия түрінде төлейтін болады.  

Аграрлық несие корпорациясы Қазақстанның мал өсірушілеріне сақтандыру құралын пайдалануды және өз жануарлары мен құстарын инфекциялық, аса қауіпті аурулардан, жазатайым оқиғалардан, қауіпті табиғи құбылыстардан, оның ішінде су тасқынынан, зілзаладан, өрттен және ұрлықтан қорғауды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары