Қазақстанда такси құны ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір жоғары
Жолаушыларды таксимен тасымалдау көлемі екі есеге өскен

Қазақстанда такси қызметінің құны бір жылда 10%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Numbeo дерегінше Қазақстан әлемде бұл қызмет түрінен 124 елдің ішінде 87-ші орында тұр. 1 шақырым жол жүрсеңіз, 0,78 доллар төлеуіңіз керек.
ТМД елдері арасында ең жоғары баға Қазақстанда екен:
- Қазақстанда – 0,78 доллар;
- Әзербайжанда - 0,59 доллар;
- Ресейде - 0,45 доллар;
- Украинада - 0,36 доллар;
- Армения мен Беларусьта - 0,33 доллар;
- Тәжікстан мен Өзбекстанда — 0,3 доллар.
Қазақстанда такси қызметінің бағасы бір айда 1,8%-ке, ал бір жылда 10%-ке қымбаттаған, әсіресе Шымкент қаласы, Түркістан, Алматы мен Жамбыл облыстары көш бастап тұр.
Жалпы Қазақстан бойынша 7 өңіре баға былтырғы жылдың деңгейінде қалған. Сонымен бірге жолаушыларды таксимен тасымалдау көлемі екі есеге өскен. Әсіресе Алматы мен Астана тұрғындары таксимен жүргенді құп көреді. Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында бұл қызметке сұраныс аз.