$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда екі жасар бүлдіршін үшінші қабаттан құлап кетті (ВИДЕО)

Оқиға Қарағанды қаласының 19-шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болды

Қарағандыда екі жасар бүлдіршін үшінші қабаттан құлап кетті (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Қарағанды қаласында 9 маусым күні екі жасар бүлдіршін бес қабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қалай болды?

Оқиға Қарағанды қаласының 19-шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болды.

2022 жылы туған бала ас үйде ашық тұрған терезенің жанында ойнап жүрген. Терезеде москит торы болғанымен, бұл қорғаныс ретінде жеткіліксіз еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, сәби қараусыз қалған.

Желіде таралған мәліметтерге сүйенсек, бүлдіршін ауруханада көз жұмды.

ТЖД ата-аналарға ескерту жасады

Осыған байланысты Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен қамқоршыларға келесі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:

  • Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар;
  • Терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатыңыздар;
  • Терезе тұтқаларын бала өздігінен аша алмайтындай бұғаттаңыздар;
  • Москит торларына сенбеңіздер – олар қауіпсіздік құралы емес;

Терезе маңындағы жиһаздарды алыстатып қойыңыздар – бала оңай шығып кете алмайтындай болсын.

Серіктес жаңалықтары