Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
400 қару мен 2,5 мың оқ-дәрі табылды
Елімізде Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Қару» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп, нәтижесінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
400 қару мен 2,5 мың оқ-дәрі заңсыз айналымнан алынды
Рейд нәтижесінде:
- 400 заңсыз қару;
 - 2 500-ден астам оқ-дәрі;
 - 6 жарылғыш зат тәркіленді;
 - 40 жасырын қару қоймасы анықталды.
 
Шара барысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған полиция қарулары мен арнайы құралдары да тәркіленді. Олардың қатарында:
- 2 Калашников автоматы,
 - 4 тапанша,
 - 4 аңшы мылтығы,
 - қызметтік бронежилеттер,
 
- каскалар мен қалқандар бар.
 
Азаматтар 87 қаруды өз еркімен тапсырды
ІІМ мәліметінше, азаматтар 87 қаруды өз еркімен тапсырған. Бұл – халықтың заңсыз қару айналымына бей-жай қарамайтынын көрсетеді.
29 мың қару тексеріліп, 845 адам жауапқа тартылды
Рейд барысында:
- 29 000-нан астам азаматтық қару тексерілді;
 - 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
10 мыңнан астам шаруа қожалығы тексерілді
Сонымен қатар полиция қызметкерлері 10 000-нан астам шаруа қожалығын аралап, 65 түрлі заңсыз қаруды тәркіледі.
«Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстар жалғасады», – деп атап өтті ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.