$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды

Жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен

Оралда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды
Фото: «Мой город»

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бірнеше адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қалай болды?

«Мой город» басылымының мәліметінше, жол апаты Орал қаласындағы Шолохов пен Сергей Тюленин көшелерінің қиылысында болған.

Hyundai Solati маркалы жедел жәрдем көлігі мен Hyundai Accent жеңіл автокөлігі соқтығысқан.

БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жеңіл көлікке соғылған.

Зардап шеккендер туралы не белгілі?

  • 28 жастағы жедел жәрдем жолаушысы (пациент) – қалалық көпбейінді аурухананың травмпунктіне жеткізілді.
  • Hyundai Accent салонында болған 13 жастағы қыз бала – облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
  • Сонымен қатар, екі фельдшер түрлі жарақатпен облыстық көпбейінді аурухананың травмпунктіне түскен.

Тергеу мен медициналық тексеру жүріп жатыр

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайы анықталуда.

Ал Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған азаматтардың жағдайы бойынша әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Серіктес жаңалықтары