Келтірілген шығын 52 млн теңгеден асады
Абай облысының полицейлері интернет алаяқтығына қатысты ірі қылмыстық топты анықтап, жолын кесті. Күдіктілер жүк көліктерін сатамыз деген желеумен бірнеше облыстың тұрғындарын алдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаскөйлер интернет арқылы жүк көліктерін сатуға арналған жалған хабарландырулар жариялап, азаматтардың сеніміне кірген. Олардың арбауына түскендер Семей, Ақтөбе және Қарағанды қалаларынан.
Полиция өкілдерінің мәліметінше:
Олардың қылмыстық серіктестері де анықталып, тергеуге тартылды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қосымша эпизодтар мен басқа да қатысушылардың қатысы тексерілуде.