«Порно жоқ заманда ата-бабаларымыз 10-15 баладан туған»: ұятсыз видеоларға қарсы заң қабылдануы мүмкін

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қырғызстан парламенті қазіргі уақытта бірінші оқылымда заң жобасын қабылдады

Фото: istockphoto.com

Қырғызстан Парламентінде порнографиялық видеоларға блок қойылу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір осы мәселеге қатысты арнайы заң жобасы дайындалып жатыр. Депутат Аккулу Бердиевтің айтуынша, ұятсыз видеоларға тыйым салынуы керек.

«Порнография жоқ заманда ата-бабаларымыз 10-15 баладан туған. Сол себепті оған тыйым салу керек. Ол жақсылыққа апармайды. Оның үстіне оны көп көрген адам тез қартайы, ұмытшақтыққа бейім болады», - деді Аккулу Бердиев.

Қырғызстан парламенті қазіргі уақытта бірінші оқылымда заң жобасын қабылдады.