Абай облысында үрмелі қайыққа мінген бір отбасы үш баласымен бірге жағаға жете алмай қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Үрмелі қайықпен алыстап кеткен отбасы құтқарылды

Фото: Видеодан скрин

Абай облысында қайыққа мінген бір отбасы үш баласымен бірге суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға Абай облысының Жаңасемей ауданына қарасты Шүлбі кентіндегі ГЭС су қоймасында болды. Рейд кезінде ТЖМ қызметкерлері өздігінен жағаға жете алмаған 5 адамды  жағаға жеткізді.

«Ата-ана мен 3 баладан тұратын отбасы қатты желдің салдарынан өздігінен жағаға жете алмай қалған болатын. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.