Сәбидің өліміне не себеп болғаны белгісіз
Әзербайжанның Ағстафа ауданында бір отбасының екінші сәбиі бір жыл ішінде көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Media.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылы туған Н.Исмайылова ауыр жағдайда Агстафа орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер тексеру барысында оның қайтыс болғанын тіркеді. Қазіргі уақытта қыздың нақты өлім себебі белгісіз.
Бұл – осы отбасындағы алғашқы трагедия емес. 2023 жылдың тамызында дәл осы отбасында тағы бір сәби – 2022 жылы туған Г.Исмайылзаде қайтыс болған. Ол да ауруханаға қалтырау және тырыспа белгілерімен жеткізілген, алайда дәрігерлер баланың көз жұмғанын тіркеген.
Отбасыға қатысты үшінші қайғылы оқиға – 2024 жылдың 8 қыркүйегінде болған. Сол күні қыздың ата-әжесі – Физули Исмайылов (1965 ж.т.) және Хатира Исмайылова (1967 ж.т.) жүзім теру кезінде құлаған қоршаудың астында қалып, қаза тапқан.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижесі баланың нақты өлім себебін анықтайтын болады.