Оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге жеткізілді
Қарағанды облысында құтқарушылар Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының бойында техникалық ақауға ұшыраған автобустан 60 жолаушыны қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Абай облысына жақын маңда, Актогай ауданындағы Гүлшат ауылының 14 шақырым тұсында, Астана – Қарағанды – Алматы бағытындағы халықаралық автобустың бұзылуы салдарынан болған.
Құтқарылған азаматтардың барлығы – Ресей және Тәжікстан азаматтары. Олар шекарааралық бағытта сапар шеккен.
«Автобус жолаушылары жақын маңдағы дәмханаға эвакуацияланып, уақытша орналастырылды. Медициналық көмек қажет етілмеді»,– делінген ТЖМ хабарламасында.