Ал солтүстікте ауа райы ылғалды болуы мүмкін
Маусым айында Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары ресми болжам жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, маусымда орташа құрғақ және құрғақ ауа райы келесі облыстарда күтіледі:
Қостанай облысы
Ақтөбе облысы
Атырау облысы
Қарағанды облысы
Ұлытау облысы
Абай облысы
Алматы облысы
Жетісу облысы
Жамбыл облысы
Түркістан облысы мен Шымкент қаласы
Қызылорда облысы
Солтүстік облыстарда мамыр айындағы жауын-шашын қоры мен маусымда күтілетін жауын нәтижесінде орташа ылғалды жағдай қалыптасуы ықтимал. Бұл аудандар:
Солтүстік Қазақстан облысы
Костанай облысы
Ақмола облысы
Құрғақшылық егін шаруашылығы, мал азығы, су ресурстары және орман-тоғайға тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты Қазақстанда экстремалды ауа райы құбылыстары жиілеп келеді. Мұндай жағдайлар ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау мен қауіп-қатерді басқаруды қиындатады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен экология ведомстволары фермерлерге ерте ескерту беріп, қауіптің алдын алу үшін синоптикалық болжамдарға назар аударуға кеңес береді.