$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Белгілі қазақстандық геолог өмірден өтті

Ол өзінің еңбек жолын 1971 жылы Биікжал мұнай барлау экспедициясынан бастаған

Белгілі қазақстандық геолог өмірден өтті
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Белгілі қазақстандық Балтабек Қуандықов геолог өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаралы хабарды Энергетика министрлігі мәлім етті. Ведомство мәліметінше, Балтабек Мұқанұлы бүкіл еңбек жолын еліміздің минералдық-шикізат базасын дамытуға, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, көмірсутек ресурстарын барлау мен игеруге ғылыми тәсілдерді енгізуге арнаған.

Ол өзінің еңбек жолын 1971 жылы Биікжал мұнай барлау экспедициясынан бастаған. Жұмыс істеген жылдары ішінде Қарашығанақ, Жаңажол, Имашев, Кенбай, Әлібекмола, Арман және басқа да Қазақстанның ірі мұнай-газ кен орындарын ашу мен игеруге зор үлес қосты. Ол «Қазақстанкаспийшельф», Ұлттық мұнай-газ компаниясы «Қазахойл», «Нельсон Ресорсиз Лимитед», «Меридиан Петролеум» сияқты жетекші салалық компанияларды басқарды, сондай-ақ Chevron Overseas Petroleum халықаралық корпорациясында кеңесші болып еңбек етті.

Балтабек Мұқанұлы – Қазақстанның геологиясы мен мұнай-газ саласына арналған «Палеонтологиялық қалдықтар атласы», «Мұнай-газ геологиясы терминдерінің глоссарийі» сынды іргелі еңбектерді қоса алғанда, 10 монография мен 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы атанған танымал ғалым.

Ол «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталып, әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Серіктес жаңалықтары