Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
8 маусым күні Қазақстан аумағына циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің айтуынша, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында найзағайлы жауын-шашын, кей аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.
«Қазақстанның көптеген аймағында жел күшейіп, найзағай ойнайды. Жекелеген өңірлерде бұршақ пен дауыл қаупі бар», – деп хабарлады «Қазгидромет».
Өрт қаупінің жоғары деңгейі мына облыстарда тіркеліп отыр:
Бұл өңірлерде орман және дала өрттерінің шығу қаупі өте жоғары. Әсіресе таулы және шөлейт аймақтарда өрт қауіпсіздігін сақтау аса маңызды.