Сонымен қатар бірқатар өңірде қатты дауыл тұруы мүмкін
7 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, қатты дауыл тұруы мүмкін. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік мамандары ауа райының құбылуына байланысты тұрғындарға мынадай кеңес береді.
«Егер найзағаймен бірге бірден күн күркіресе, бұл – найзағайдың дәл жаныңызда екенінің белгісі. Мұндайда дереу қауіпсіз жерге көшкен жөн», – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Найзағай кезінде электр тоғымен зақымдану, өрт шығу, адамға найзағай түсу сынды қауіптер жиі кездеседі. Әсіресе ашық алаңда, орман ішінде, суда жүрген азаматтар үлкен қатерге тап болуы мүмкін.
Соңғы жылдары Қазақстанда жылына орта есеппен 5-7 адам найзағай салдарынан жарақат алады немесе көз жұмады. Бұл көрсеткіш ауа райы құбылыстарының қаншалық қауіпті екенін дәлелдейді.
«Қазгидромет» мәліметінше, 7 маусым күні штормды ескерту келесі өңірлерге қатысты жарияланған:
Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғай аласыз.