«Жұлдыздың өзі құттықтады»: Айқын Төлепбергеннің бірінші әйелі кітап жазды
Жұлдыз Өмірғали әлеуметтік желіде Айқынның бұрынғы келіншегіне ізгі тілегін арнады

Әнші Айқын Төлепбергеннің қазіргі жұбайы Жұлдыз Өмірғали оның бірінші әйелі Әсел Төлепбергенге қолдау білдіріп, жаңа кітабының жарық көруімен құттықтады. Бұл туралы ақпарат Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұлдыз әлеуметтік желіде күйеуі Айқын Төлепбергеннің бұрынғы келіншегіне ізгі тілегін арнады.
«Тұңғыш кітабының жарық көруімен құттықтаймын. Блог түсіре бастағаның да құтты болсын. Табыс тілеймін. Оқырманның көңілінен шығатын кітап болсын», – деп жазды әншінің жұбайы.
Әсел Төлепберген де алғысын білдірді
Кітап авторы да жауапсыз қалмады. Әсел Төлепберген Instagram парақшасында былай деп жазды.
«Мың да бір рақмет, Айқын! Жұлдыз, саған да рақмет! Қолдауың мен шынайы жүрегіңнің ашықтығына риза болдым. Сенің жаңалығыма деген реакцияң мені елең еткізді», – деді ол.
Желі қолданушыларының бір бөлігі қос екі әйелдің ашық тіл табысқанына сүйсініп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. «Екі әйелдің арасы мұнша сыйластықпен болуы – нағыз мәдениеттілік» деп жазғандар да бар. Дегенмен кейбір оқырмандар Әселдің Айқынмен ажырасқан соң неге тегін өзгертпегенін сұрап, жеке пікірлерін қалдырған. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұрттың ерекше қызығушылығын тудырды.
Жұлдызды жұп және отбасылық қатынас
Айқын Төлепберген – отандық шоу-бизнес өкілі, екі некеден балалары бар. Жұлдыз Өмірғали – әнші әрі актриса. Бұрынғы жары Әсел Төлепбергенмен ортақ балалары бар. Қоғамда бұған дейін қос жұбай арасындағы қарым-қатынас жиі талқыланатын.
Айқын мен Жұлдыз – шоу-бизнес өкілдері ғана емес, көпшілік алдында жиі талқыланатын жұптардың бірі. Мысалы, әлеуметтік желіде Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің ұлының бірінші некеден туған әпкесіне көрсеткен құрметі көпшіліктің жүрегін елжіретті. Жақында Берлинге аяқ басқан жұп әйгілі «Берлин қабырғасы» алдында сүйісіп, желіге фотосын салып сынға қалған еді. Одан бұрын Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында бірінші әйеліне екінші рет тұрмысқа шығуға тыйым салғанын айтқан болатын. Сол сұхбатта ол шоу-бизнестегі дінге бет бұрған әріптестері туралы да айтты. Ал одан бұрын Әнші Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали шашының нашарлауына байланысты парик киіп жүруге мәжбүр болғанын жеткізді.