06.06.2025, 11:43
Жаңалықтар
Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Бүгін — Швеция Корольдігінің Ұлттық күні
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл айтулы мереке швед халқы қадір тұтатын бірлік, тарихи мұра және берік демократиялық дәстүрлер сияқты құндылықтармен үндеседі. Сіздің дана басшылығыңыз арқылы еліңіз алдағы уақытта да орнықты даму мен жаңашылдықтың озық үлгісін көрсете беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар оның атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды