Алматыда түнгі мекеменің басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: pixabay

Алматыда түнгі мекеме қызметкерін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті қамалды

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше өзін Елисей деп таныстырған әйел Алматы қаласындағы түнгі мекемелердің бірінде зорланғанын айтқан, бұл туралы видео әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды.

«Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жеке басы анықталып, ол полицияға ресми түрде арызданды», - деп жазылған хабарламада.

Күдікті ретінде 29 жастағы азамат – аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Істі полиция басшылығы бақылауға алды

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала тергеудің барысын Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды», - дейді полиция қызметкерлері.

Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, оның ішінде мәлімделген жағдайлар ескеріледі.