Тоқаев ҰҚК-ның басшылығына бірқатар тапсырма берді
Президент ҰҚК-ның басшылық құрамымен арнайы жиын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.
Жиын соңында президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.