Ол осылайша үлкен зардаптың алдын алды
Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Alma City тұрғын үй кешенінің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан өрт кездейсоқ өтіп бара жатқан азаматтың ерлік әрекетінің арқасында сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
EGovpress мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жеткенше, ер адам төртінші қабатқа өрмелеп шығып, пәтер ішіндегі жалынды сөндіруге әрекет еткен. Нәтижесінде, үлкен зардаптың алдын алды.
Көпшілік бұл әрекетті нағыз ерлік деп бағалап отыр. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір екіге бөлінді: біреулер оның батылдығына тәнті болса, енді бірі мұндай қадамды қатерлі және ойланбаған әрекет деп сынады.
Алайда, көпшілік пікірге қарамастан, дәл осы азаматтың әрекеті салдарының ауыр болуына жол бермегені анық.