$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде жұмысынан қуылған әскери қызметкер мемелекетке 1 млн теңге қайтаратын болды

Бұл қаражат оның әскери даярлығына жұмсалған

Семейде жұмысынан қуылған әскери қызметкер мемелекетке 1 млн теңге қайтаратын болды
Фото: istockphoto.com

Семей гарнизонының әскери соты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бұрынғы әскери қызметшіге қатысты талабын қарап, мемлекет пайдасына шешім шығарды. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.

Мемлекет есебінен оқып, қызметін өтемей кеткен

Сот мәліметінше, жауапкер Қорғаныс министрлігіне қарасты Құрлық әскерлерінің Әскери институтында білім алған. Ол оқу орнына түскен кезде келісімшартқа отырып, оқу мерзімі мен одан кейінгі 10 жылдық әскери қызметке міндеттеме алған.

Алайда 2024 жылдың шілдесінде М. әскери тәртіпке байланысты теріс себептермен қызметтен босатылған. Осыған байланысты әскери қызметкерден оқуына жұмсалған қаражатты қайтаруды сұраған.

Сот қандай шешім қабылдады?

Сот ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 10-тармағы мен Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №372 бұйрығына сүйене отырып, М.-дан 1 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын өндіру туралы шешім шығарды.

Бұл сома оның әскери жоғары оқу орнында кәсіби даярлығына жұмсалған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Ол белгіленген тәртіппен шағымдануға жатады.

Серіктес жаңалықтары