Кездесуде қандай мәселелер талқыланатыны белгілі болды
Болгария президентінің ресми сапармен Қазақстанға келетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданы мәліметінше, 8-9 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.