Әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастырып, отбасыны баспанамен қамтамасыз етеді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында 5 баласынан айырылған отбасыға жан жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нариман Төреғалиев Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
«Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр», - деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі:
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
«Жағдай менің жіті бақылауымда», - деп түйіндеді Нариман Төреғалиев.
Еске сала кетейік, Жымпиты ауылында бір отбасының бес баласы өрт салдарынан көз жұмды. Оларға иіс тиіп қалған.