Бүлдіршінге облыс орталығында шұғыл көмек көрсетілді
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 9 жастағы бүлдіршін облыс орталығына шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел іс-шараға ҚР ТЖМ-нің Казавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылып, балаға шұғыл көмек көрсетілді.
Ұшқыштар Бейбіт Смағұлов пен Шыңғыс Мәлипьянов, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері бірлесіп рейсті сәтті аяқтап, науқасты Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.