Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады
Шымкентте балмұздақты тегін таратқан кәсіпкер заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar-ға сілтеме жасап.
Оқиға 1 маусым күні «Тұран-2» шағын ауданындағы «Жаңалық» сауда үйінің маңында болған. Ұйымдастырушылар жиналған адамдарға балмұздақ лақтырып, дүрбелең туғызған және адам өміріне қауіп төндірген.
Ұйымдастырушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.
"Мұндай келеңсіздіктер, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Ұйымдастырушылар жақсы ниетпен жасалған іс-шараның салдары үшін жауапкершіліктен босатылмайтынын есте сақтау керек", - дейді полиция.
Еске салайық, Ақтауда да осындай дүрбелең болған еді. Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Кадрдан ондаған адамның, соның ішінде ересектердің де балмұздаққа таласқанын көруге болады.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайға қарсылық білдірді. Көбісі мұндай іс-шаралар мұқият ұйымдастыруды және әсіресе балалар қатысатын болса, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды талап етеді деп санайды.