Жанар Айжанованың қызы мен күйеу баласы тағы да жұрттың назарын аударды

Белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы мен күйеу баласының романтикалық кешкі асы күтпеген жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса Айжұлдыз Адайбекова мен блогер Сәкен Қағаров жақында ғана отбасын құрған болатын. Жас жұбайлар Мальдив аралдарында демалуды жөн көріпті. Олар демалыстың видеосын Instagram-да жариялады.
«Мальдивте романтикалық кешкі ас ішпекші едік. Бірақ біз ойлағандай болмады», - дейді Сәкен Қағаров.
Видеодан аяқ астынан дауыл тұрып, жаңбыр құйып кеткенін көруге болады. Дегенмен Сәкеннің айтуынша, нөсер жауын олардың көңіл-күйін көтеріп жіберген.
«Айжұлдыздың күлкісі Жанар апаның күлкісінен айнымайды, бақытты болыңдар», «Сіздермен бірге күшті отырдық. Теңіз жағасында», «Бұл жай кешкі асқа қарағанда ұзағырақ есте қалады деп ойлаймын», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, Сәкен Қағаров пен Айжұлдыз Адайбекова өздерінің үйлену тойына ерекше стильде киініп келген еді. Әлеуметтік желідегі жұрт күйеу жігіттің тойға қысқа шалбармен келгенін сынға алды. Қалыңдықтың той көйлегі де көпке ұнамаған.